«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕ НАҚТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының ұйымдастыруымен Аққұм ауылдық округіндегі «Аққұм» бастауыш партия ұйымында фермерлер мен шаруа қожалықтарының құрылтайшыларына арналған маңызды кездесу өтті. Іс-шараға аудан әкімдігінің сала жетекшілері, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдерінің жауапты өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, микроқаржы ұйымдарының басшылары, ауыл кәсіпкерлері мен белсенді тұрғындар қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл басқосу Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалардың өңірлік деңгейде нақты түсіндірілді. Осы тұрғыда «Ауыл аманаты» бағдарламасы әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарының орнығуына жәрдемші болатыны атап өтілді.

Кездесу барысында ауыл кәсіпкерлігін дамыту мәселесі стратегиялық басымдық ретінде қарастырылатыны, ауылдың әлеуетін арттыру ел экономикасын нығайтудың, халықтың әл-ауқатын көтерудің ең тиімді жолы екеніне баса мән берілді.

Кездесуге қатысқан микроқаржы ұйымдарының өкілдері қаржыландыру шарттарын жан-жақты түсіндіріп берді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтыны, несие мерзімі – 5 жылға дейін, қаржыландыру көлемі АШӨК-ке құрал-жабдық алу үшін – 34,6 млн теңгеге дейін, АШӨК мүшелеріне – 10,8 млн теңгеге дейін, басты артықшылық – алғашқы 1 жыл жеңілдік кезең ретінде қарастырылып, несие төлемеу мүмкіндігі бар екені жеткізілді. Бұл шарттар ауыл кәсіпкерлеріне бизнесін аяққа тұрғызуға, өндірісті жолға қоюға және тұрақты табыс көзін қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді.

Партияның ауыл кәсіпкерлігін жүйелі түрде дамытуға деген нақты ұстанымы алдағы уақытта да жүйелі жалғасын табады. Бұл бастама халықтың тұрақты табысқа қол жеткізуіне тікелей ықпал етпек.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды