ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДЕГІ АПАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2025 жылдың 14 қазан күні «Тау-кен және жару жұмыстарын жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау» тақырыбында кәсіпорын өкілдерімен техникалық кеңес өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бөлім басшысы Б.Курманбеков кіріспе сөз сөйлеп, кеңестің негізгі мақсаты – облыстың қауіпті өндірістік объектілеріндегі авариялар мен оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу және адамдардың өмірімен денсаулықтарын қорғау, оларды болдырмауға бағытталған іс-шараларды қамтамасыз ету екендігін атап өтті.

Кеңес барысында Басқарманың бөлім басшысы Е.Ермахан ашық және жерасты тәсілмен тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау және жарылыс жұмыстарына рұқсат алу кезіндегі бұзушылықтарға тоқталып, рұқсатта көрсетілген жарылыс жұмыстарының параметрлері қатаң түрде сақтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілердегі апаттардың алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушылар тарапынан бірқатар өзекті сұрақтар көтеріліп, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша кәсіпорындарға нақты ұсынымдар беріліп, тиісті бақылау шараларын күшейту тапсырылды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды