Жыл сайын елімізде жылыту маусымының басталуымен қатар, табиғи газды және газбен жұмыс істейтін құрылғыларды пайдалану деңгейі едәуір артады. Бұл жағдай, өз кезегінде, тұрмыста газбен улану, жарылыс немесе өрт секілді төтенше жағдайлардың туындау қаупін арттырады. Аталған оқиғалардың басым бөлігі азаматтардың тұрмыстағы газ құралдарын пайдалануда қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан туындайтыны белгілі. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған байланысты, жылыту маусымы кезеңінде халық арасында газбен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен негізгі талаптарды кеңінен түсіндіру, тұрғындардың бұл мәселеге қатысты жауапкершілігін арттыру және ықтимал қауіптің алдын алу мақсатында кешенді ақпараттық-түсіндірме.
Газ құрылғыларын орнату және пайдалану кезінде келесі талаптарды сақтау аса маңызды:
Газбен жабдықталған үй-жайларды міндетті түрде тиімді желдетумен қамтамасыз ету;
Газ құрылғыларын тек мамандандырылған ұйымдардың мамандарына орнату және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;
Газ иісі анықталған жағдайда дереу газ жабдығын сөндіріп, үй-жайды желдетіп, тиісті авариялық қызметке хабарлау;
Газ құралдарын қараусыз қалдырмау, әсіресе ұйқы кезінде немесе үйден шығарда оларды толық сөндіру;
Жарамсыз немесе тозығы жеткен құрылғыларды пайдаланбау;
Балалардың газ құрылғыларына қол жеткізуіне жол бермеу.
Тұрғындар өз үйінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да қауіпсіздігіне жауапты екенін түсінуі тиіс. Газбен жұмыс істеуде қауіпсіздік талаптарын сақтау – әр азаматтың борышы.
📞 Газ апаты қызметі – 104.

