“ҚАУІПСІЗ ЖОЛ – ҚАУІПСІЗ ЕЛ” ЖОБАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН

Бүгін Қазақстан халық партиясының Түркістан облыстық филиалының қызметкерлері мен Түркістан ҚПБ ППБ-ның аға инспекторы, полиция капитаны Әлжан Нұрбек Жамбылұлы бірлесіп Түркістан қаласында “Қауіпсіз жол – қауіпсіз ел” жобасы аясында рейдтік іс-шара жүргізді. Бұл туралы «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Түркістан облыстық филиалы хабарлады.

Рейдтің негізгі мақсаты — жаяу жүргіншілер өткелдері мен мектеп маңындағы аумақтарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының қайғылы салдарын болдырмау.

Шара барысында жаяу жүргінші өткелдерінің жағдайы тексеріліп, жүргізушілер мен тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

“Қауіпсіз жол – қауіпсіз ел” жобасы қалалар мен ауылдарда жол мәдениетін арттырып, азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды