«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ – ҚАУІПСІЗ ЕЛ»

Бүгін «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Түркістан облыстық филиалының кеңсесінде «Қауіпсіз жол – қауіпсіз ел» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті.

Шараға Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ басшысы Ұлан Жамбылұлы, осы бөлімнің «Түркістан жол қызметі» КММ директоры Бағдат Есіркепұлы, Түркістан ҚПБ ППБ-ның аға инспекторы, полиция капитаны Алмас Даулетұлы және партияның белсенділері қатысты. Бұл туралы «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Түркістан облыстық филиалы хабарлады.

Кездесу Түркістан ҚПБ ППБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті күшейту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жиын барысында тараптар қаладағы жол инфрақұрылымын жақсарту, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер мәдениетін арттыру, сондай-ақ апаттардың алдын алу бағытында атқарылатын іс-шараларды талқылады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды