Облыс прокуратурасының бастамасымен Сайрам ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу жайы бойынша кеңейтілген жиын өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға ауданның жергілікті атқарушы органдарының, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Кеңес барысында облыс прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлы өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешу бойынша нақты хаттамалық тапсырмалар берді.
Жиын қорытындысында қатысушыларға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, профилактикалық шараларды күшейту және қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытында ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру қажеттілігі атап өтілді.