“ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” КОНЦЕПЦИЯСЫ АЯСЫНДА МӘЖІЛІС ӨТТІ

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының және облыс прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисовтың төрағалығымен “Қауіпсіз балалық шақ” концепциясы аясында мәжіліс өтті. Жиынға қала прокуроры Каукен Нәрікбаев, полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев, білім беру мекемелерінің басшылары мен мектеп психологтары қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және ата-аналар мен педагогтардың жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Мәжіліс соңында қатысушылар “Қауіпсіз балалық шақ” тұжырымдамасын жүзеге асыруда мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары және қоғам өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды