АУДАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлы мен Ордабасы ауданының әкімі Азат Әбдіғалиұлының қатысуымен аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға арналған жиын өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдары, тиісті сала басшылары мен ауыл округ әкімдері қатысты. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібінде биылғы жылдың басынан бері аудан аумағындағы қоғамдық-саяси жағдай мен тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйі талқыланды.

Баяндамалар мен пікір алмасу қорытындысы бойынша ауданның қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты деп бағаланды. Аудан аумағында оппозициялық ұйымдар тіркелмегені және бейбіт жиналыстар өткізу жөнінде ресми хабарламалар түспегені атап өтілді.

Тиісті мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан тұрғындармен түсіндіру, алдын алу және профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Аудан басшылығы алдағы уақытта да қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстарды ұдайы назарда ұстайтынын атап өтті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды