Шымкент қаласында жасөспірімдерге жолда жүру ережелері мен қауіпсіздік қағидалары жапондық әдіспен түсіндірілген іс-шара өтті. Тұран ауданы аумағында өткен жиынға Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері, көлік жүргізу мектебінің өкілдері қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жауапты мамандар «Асықпа – өмірді сақта!» тақырыбындағы танымдық-практикалық іс-шара барысында студенттер мен оқушыларға жолда жүру ережелерін жан-жақты түсіндірді, қауіпсіз қозғалыс алгоритмдерін таныстырып, жөндеу жұмыстары немесе көлік бұзылған жағдайда жолдан өту тәртібін мысалдармен көрсетті. Сонымен қатар, практикда ірі жүк көліктерінің жаяу жүргіншілер көрінбейтін аймақтары айқын әдістермен түсіндірілді.
350-ге жуық жас практикалық әдістерге қатысып, маңызды дағдыларды меңгерді, тәжірибе алмасты. Бұл жол ережелерін үйрету ғана емес, жастардың өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.

