АСФАЛЬТ ТӨСЕУ, ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРІМЕН ЖҮГІНДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жылдық жоспарына сәйкес, Ордабасы аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде халық қалаулысы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, Раймбеков Ғани Ахылбекұлы жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы хабарлады.

Алдын-ала әлеуметтік желілерге жарияланған хабарламаларға сәйкес, кездесуге Бөген, Амангелді, Шұбарсу және Темірлан ауылының тұрғындары несие алу, Шұбарсу ауылын табиғи газбен қамту, тұрғын үй кезегі, Амангелді ауылындағы кіреберіс жолға асфальт төсеу, әлеуметтік көмек және тағы басқа мәселелер бойынша өтініштерімен жүгінді.

Ғани Ахылбекұлы көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңы аясында тиісті жұмыстар атқаратының және басқа да қабылдау барысында көтерілген мәселелер назарда болатынын жеткізді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды