Бүгін Түркістан облысы бойынша 4000-нан астам мемлекеттік қызметші «Fin IQ» республикалық қаржылық қауіпсіздік диктантына қатысты. Бұл туралы Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі хабарлады.
Бұл бастама – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асырып отырған маңызды жобаларының бірі. Оның басты мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтың жаңа түрлерінен сақтандыру және көлеңкелі экономикамен күресте қоғамның белсенді қатысуын қамтамасыз ету.⠀
Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері бұл диктантқа жоғары жауапкершілікпен қатысып, өздерінің қаржылық мәдениетін жетілдіруге, заң мен тәртіп қағидаттарын ұстануға дайын екенін көрсетті.⠀
«Fin IQ» диктанты – жай ғана тест емес. Ол әрбір қатысушының өз қаржысына, табысына және қауіпсіздігіне саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған білім алаңы. Бұл бастама арқылы мемлекеттік қызметшілер халыққа үлгі болып, «Адал адам – сенімді қоғамның тірегі» қағидасын іс жүзінде дәлелдеп отыр.⠀
Бүгінгі таңда қаржылық сауаттылық – тек экономистер мен қаржыгерлерге ғана емес, әрбір азаматқа қажет өмірлік дағды. Себебі саналы қаржылық шешім – жеке адамның да, тұтас елдің де тұрақтылығының кепілі.⠀
Түркістан өңіріндегі мемлекеттік қызметкерлердің осындай белсенділігі – қоғамның дамуына және халықтың қаржылық мәдениетін арттыруға қосқан зор үлес.