Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында «Қаржылық алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Бұл туралы Облыстық Жастар Орталығы хабарлады.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қарау сезімін арттыру болып табылады.
Кездесуге Түркістан облысының әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ербекешов Нұрлан Хусанұлы және Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкері Кененбай Арыстан Талғатұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Бейсембаева Динара Ельгеевна сонымен қатар Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің «Ұйымдастыру бақылау» басқармасының қызметкері Ермахан Мырзабай Болатұлы қатысып жастарға заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік және қоғамдағы тәртіптің маңызы жөнінде түсіндіріп өтті.
Іс-шара жастар және арнайы мамандардың сұрақ-жауап, пікір алмасуымен жалғасын тапты. Жастар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып оларға тиісінше жауаптар алды. Сонымен қатар шара соңында осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың саналы азамат болып қалыптасуына оң ықпал ететіндігі сөз болды.

