ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚ ТҮРЛЕРІН ТАНУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Елімізде қаржылық сауаттылық пен өз қаражатын қауіпсіз басқару мәдениетін дамыту мақсатында республикалық деңгейде Қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өтіп жатыр. Диктант 10 қазан мен 20 қазан аралығында онлайн форматта ұйымдастырылған. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бастаманың маңызы:

— қаржылық алаяқтық түрлерін тануға көмектеседі;

— жеке бюджетті тиімді жоспарлау дағдысын арттырады;

— цифрлық төлемдер мен онлайн қызметтерді қауіпсіз пайдалану жолдарын үйретеді;

— қаржылық жауапкершілік пен сақтық мәдениетін қалыптастырады.

Диктантқа қатысу барлық азаматтар үшін тегін.

Қатысу және толық ақпарат сілтемесі: https://amlacademy.kz/finiq

Арыс қаласының тұрғындарын осы маңызды шараға белсенді түрде қатысуға шақырамыз!

Қаржылық қауіпсіздік – әр азаматтың өмірлік сауаттылығының бір бөлігі.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды