ҚАРУ ИЕЛЕРІН ТЕКСЕРІП, САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАДЫ

Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төлеби ауданында “Учаске” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары қару иелерін тексеріп, олардың қаруды сақтау ережелерін қадағалады. Құқық қорғаушылар әр үйге барып, сейфтердің талапқа сай орнатылуын, құжаттардың мерзімінің жарамдылығын қарап шықты.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тұрғын үйлерді аралап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, интернет-алаяқтықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды