ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

4 маусым күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Отырысқа атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі мен облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты. Бұл туралы Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Атқару комитеті отырысында қаралған мәселелер:

  1. «Жетісай және Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары М.Спарханов және Д.Абишевтің аудандық, қалалық білім бөлімдері мен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері арасындағы «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауын өткізуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстары жайлы хабарламалары туралы».
  2. Облыстық «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен озаттарды марапаттау жөніндегі ұсыныстар туралы.
  3. Қазақстандық ағарту қызметкерлерінің салалық кәсіподағы құрылуының 100 жылдығын аудан, қала және облыс деңгейінде атап өту мәселелері жайлы.
  4. Түрлі мәселелер.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жетісай және Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары М.Спарханов және Д.Абишев «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауын өткізуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстары туралы хабарламалар жасады. Әлеуметтік әріптестікті дамытуға ықпал ететін байқауға байланысты аудандық кәсіподақ комитеттері бірқатар жұмыстар атқарған: келісімдердің орындалу барысы тұрақты комиссияларда қаралған, аудандық білім бөлімдерімен бірлесіп атқарылатын шаралар пысықталып, жұмыстар жүргізілуде. Олар — спорт түрлерінен аймақтық жарыстар, мәдени іс-шаралар, семинарлар, «үздік класс жетекшісі» және пәндер бойынша байқау жарыстары және тағы да басқалар. Екіжақты келісімдердің орындалу барысын кәсіподақ активі жиналысында қарауға дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Мәселені талқылауға Түркістан, Шардара, Ордабасы, Мақтаарал аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Г.Төрежанова, Ұ.Жұман, Қ.Төлебаев, А.Ниязбеков қатысып, ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстар айтты.

Қаралған мәселе бойынша қаулы қабылданды.

Облыстық «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен озаттарды марапаттау және Қазақстандық ағарту қызметкерлерінің салалық кәсіподағы құрылуының 100 жылдығын атап өту мәселелері жайлы ұсыныстар талқыланып, шешімдер қабылданды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне қатысушылар кәсіподақ қызметінің алда атқаратын мәселелері бойынша ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып, талқылау және пікір алмасу жүргізілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды