Бүгін «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың үй-коммуналдық шаруашылық, жол жөндеу, көлік қатынасы және инженерлік жүйелерге қатысты өзекті мәселелерін талқылауға арналған қабылдау онлайн және офлайн форматта, Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.
Қабылдауды филиалдың атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров жүргізіп, жиынға Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Дәулетбекұлы қатысты.
Тұрғындар тарапынан көтерілген негізгі мәселелер:
— ауылішілік жолдардың сапасы;
— көпірлер мен ирригациялық өткелдердің жағдайы;
— көшелерді жарықтандыру;
— ауызсу қысымының төмендігі;
— қар тазалау жұмыстары;
— қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жағдайы;
— әлеуметтік нысандарды инженерлік желілермен қамтамасыз ету.
Тікелей эфир барысында қойылған сұрақтарға спикер нақты жауаптар берді. Қабылдауда айтылған мәселелердің барлығы «AMANAT» партиясының бақылауына алынып, тиісті мекемелерге ресми түрде жолданады.
Құрметті аудан тұрғындары!
Егер қосымша өтініштеріңіз болса, филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне немесе онлайн байланыс арналарына жүгіне аласыздар.
«AMANAT» партиясы халықпен бірге!

