АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАМАУЫ ТИІС

Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысына «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Намазов пен аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Мейірхан Құрбанбаев, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, квазимемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібіне енгізілген аудандағы көші-қон саласындағы жұмыстар мен жол көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың, алаяқтық қылмыстарының алдын алу шаралары бойынша аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Нұрсұлтан Елшібаев баяндама жасаса, Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Жетісай аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы пробация бөлімінің басшысы Нартай Сабаев пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамту шараларына тарту және бекітілген квотаның орындалуы туралы мәлімет берді.

Ал, «Отбасын қолдау орталығы» КММ басшысының белгілі себептермен жиынға келе алмауы салдарынан күн тәртібіндегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жұмыстар қаралмады.

Жиын соңында аудан басшысы жауапты сала басшыларына шет елдерден келген жұмысшыларға ай сайын тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, тұрақты бақылауда ұстауды, аудан аумағындағы жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын қауіпті учаскелерді анықтап, жасанды жол кедергілері мен жол белгілерін орнатуды, алаяқтық қылмысына қатысты тұрғындар арасында әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды