Бүгін Шардара қаласында жаңа «MOLL CITY» азық-түлік дүкенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты шараға қала әкімі Олжас Айдосов қатысып, дүкеннің ашылуымен жиналған тұрғындарды құттықтады. Өз сөзінде қала басшысы жаңа сауда орнының ашылуы – тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, жергілікті кәсіпкерлікті қолдауда және жаңа жұмыс орындарын құруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Іс-шара барысында қала әкімі кәсіпкер Әкімхан Әбдіқадырды Шардара қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін қала әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Сондай-ақ қала тұрғыны, ардагер Өсербай Тұрғынбаев сөз сөйлеп, кәсіпкерге ақ батасын берді.