ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ АТСАЛЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев жұмыс сапарымен Кентау қаласына келіп, қала тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусизов, «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Бассров, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, тиісті құзырлы орган басшылары, зиялы қауым өкілдері, мекеме жетекшілері және белсенді жастар қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалы хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында көрсетілген негізгі басымдықтардың өңірде жүзеге асырылу жағдайы кеңінен қаралды.

Жиынды қала әкімі Жандос Тасов бастап, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Содан кейін қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусизов сөз сөйлеп, Жолдау шеңберінде Кентау қаласында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамалар туралы толық ақпарат берді. Баяндамада қала инфрақұрылымын жаңарту, тұрғын үй құрылысы және жол жөндеу жұмыстарының барысы кеңінен қаралды.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолшыбек Аққұлов Жолдауда көрсетілген әр бағыттың қоғамдағы маңыздылығын ерекше атап өтіп, әсіресе жастардың тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтау және ел бірлігін нығайту мәселелеріне назар аударды.

Кездесу барысында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Жолдаудағы негізгі міндеттерге тоқталып, цифрландыру, инновациялар, экономика мен әлеуметтік сала, білім және денсаулық жүйесін дамыту маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал азамат» бағдарламаларының әділ қоғам қалыптастырудағы рөлін ерекше айтты және қала тұрғындарын ел игілігіне атсалысуға шақырды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды