АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТАДЫ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылауды күшейтті. Сауда үстемесі шектелетін өнімдер тізімі 19-дан 31 позицияға ұлғайтылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл дүкендер мен базарлар үшін нені білдіреді?

* Осы тауарларға ең жоғары сауда үстемесі 15%-дан аспауға тиіс.

* Бақылау «үй жанындағы» дүкендерде, базарларда және сауда желілерінде жүргізіледі.

* Негізгі мақсат – бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұтынушылар құқығын қорғау.

Кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндіріліп, кеңес беріліп, ақпараттық материалдар таратылып жатыр.

Талап бұзғаны үшін айыппұл салынады:

* Жеке тұлғалар және шағын бизнес – 5 АЕК

* Орта бизнес – 35 АЕК

* Ірі бизнес – 150 АЕК

Егер бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі екі есеге артады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты бақылау мен мониторинг жүргізіледі.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды