АДАЛДЫҚ – АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА

Түркістан облысында жас қаламгерлерге арналған әдеби-шығармашылық байқау жарияланды! Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы 18 бен 45 жас аралығындағы жас ақындар мен жазушылар арасында облыстық әдеби-шығармашылық байқау жариялады. Байқаудың мақсаты – ұлттық әдебиетті өркендету, кітап оқу мәдениетін насихаттау және өңірлердегі талантты жастарды қолдау.

Әдеби дода үш аталым бойынша өтеді: «Поэзия», «Проза», «Балаларға арналған шығарма». Қатысушылар ұсынылған тақырыптар аясында тың идея мен жаңа образдар арқылы ұлттық болмысты, адамзаттық құндылықтарды және еңбек адамының бейнесін ашуы тиіс. Сонымен қатар, білім мен ғылымды, ана тілі мен ел тарихын ардақтау бағытындағы шығармаларға да басымдық беріледі.

Бас жүлде иегерлері әр аталым бойынша 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады. Екінші және үшінші орын иелеріне сәйкесінше 70 000 және 50 000 теңге көлемінде жүлде тағайындалған.

Байқауға ұсынылатын шығармалар тек қазақ тілінде, бұрын-соңды жарияланбаған, әдеп нормаларына сай, және грамматикалық талаптарға сәйкес болуы тиіс. «Поэзия» номинациясына – 15 беттен, «Проза» мен «Балаларға арналған шығарма» номинацияларына – 25 беттен аспауы қажет.

Материалдар 2025 жылғы 16 маусым мен 16 тамыз аралығында қабылданады. Шығармалар мен автор туралы мәліметтер a.smailova@amanatpartiasy.kz электрондық мекенжайына жолдануы тиіс. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2025 жылдың 31 тамызына дейін өтеді. Жеңімпаздарға республикалық байқауға жолдама беріледі.

Қосымша мәлімет пен толық ереже бойынша ақпаратты +7 775 546 2828 байланыс нөмірі арқылы біле аласыздар.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды