Қоғамдағы құқықтық сауаттылық пен мәдениетті арттыруды мақсат еткен жастарға арналған форум 7 қазан күні сағат 11:00-де Түркістан қаласындағы Конгресс холлда өтеді. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Форум барысында өмірлік тәжірибе мен заманауи білімді ұштастырған спикерлер өз ойларымен бөліседі:
- Нұрлан Асанов – имам;
- Салтанат Сайлауқызы – психолог;
- Ғасыр Құралбайұлы – IT маманы.
Кездесу барысында жастарға рухани және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздік пен саналы қоғам құру тақырыптары кеңінен талқыланады.
📍 Өтетін орны: Түркістан қаласы, Конгресс холл.
🕚 Уақыты: 7 қазан, 11:00.

