Қаржылық сауаттылық — қауіпсіз қоғамның тірегі.
Осы қағиданы дәріптеу мақсатында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті телеарналар арасында «АҚПАРАТТЫҚ ҚАЛҚАН» атты шығармашылық байқау жариялайды.
Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік диктанты туралы ақпаратты халыққа ерекше, креативті форматта ұсыну.
• Материалдар қайталанбайтын, тың форматта дайындалуы тиіс;
• Репортаж, сюжет, арнайы жоба — барлығы көрерменге әсерлі жеткізілсін;
• Ақпараттық қамту жүйелі және бірізді болуы керек;
• Идея — креатив пен қоғамдық маңыздың тоғысында.

