600 ТОННАДАН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ КЕРУЕНІ ЕЛОРДАҒА АТТАНДЫ

2025 жылдың 30-31 тамыз күндері Астана қаласында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бүгін осы шараға орай арнайы азық-түлік керуені жолға аттанды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.​

Жәрмеңкеде 610 тоннадан астам ет, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық өнімдері нарық бағасынан 15-20 пайыз төменгі бағада тұтынушыларға ұсынылатын болады. Атап айтқанда, шараға 172,5 тонна көкөніс, 24 тонна картоп, 80 тонна бақша өнімдері, 51 тонна жеміс-жидек, 100 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, тауық, үндік еті, шұжық еті), 86,5 тонна сүт өнімдері және 95 тонна басқа да өнімдер (әсел, балық, шырын, сусындар) бар.

​Сондай-ақ, жәрмеңкеде Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына арналған концерттік мәдени іс-шаралар, қолөнерші шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.​

Айта кетерлігі, республика көлеміндегі ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнімнің 13%-ы Түркістан облысына тиесілі. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешенінің өнім көлемі бойынша облыс елімізде көш бастап тұр.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды