46 ЖҮРГІЗУШІ КӨЛІК ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛЫП, 44 ТҰЛҒА ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА АЛЫНҒАН

Жетісай аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Осы мерзімде 13 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл басынан бері 46 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылып, 44 тұлға әкімшілік қамауға алынған. Сонымен қатар, 648 іс сотқа жолданып, құқық бұзғандарға заң аясында шаралар қолданылды.

Тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды