ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕЙДТІК ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Түркістан қаласында 10-12 қазан аралығында “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы шара аясында патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараның мақсаты – жолаушылар мен жүк тасымалдаумен айналысатын автокөлік жүргізушілерінің заң талаптарын сақтауын қадағалау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тасымалдау саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу.

Рейд барысында көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен құжаттарының дұрыстығы тексеріліп, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылды.

Өз кезегінде полицейлер жүргізушілерге жол қауіпсіздігін сақтау, жылдамдық режимін бұзбау және жолаушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсіндірді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды