30 ТОННАДАН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Яссы» мөлтек ауданында азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Әр жұма күні тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан сауда алаңында азық-түлік бағасы нарықтағыдан 30-50 пайызға дейін төмен саудаланды. Жәрмеңкеде Қазығұрт және Ордабасы аудандарының өнімдері, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және жергілікті кәсіпкерлер ұсынған жеміс-жидек, ет-сүт өнімдері арзандатылған бағада сатылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қолжетімді бағадағы тауарларды сатып алуға келген қала тұрғындарына 30 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.  Мәселен, картоптың келісі — 140 теңгеден, пияздың келісі — 85  теңгеден, сәбіздің келісі 140 теңгеден, ал қырыққабаттың келісі — 100 теңгеден  саудаланды. Сондай-ақ, сиыр етінің келісі – 2500 теңгеге, тауық етінің келісі – 1100 теңгеге, нан 80 теңгеге, жұмыртқаның данасы 45 теңгеге сатылды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды