Биыл 22 желтоқсан Энергетик күні болып бекітілді. Энергетиктер, электриктер, жылу техниктері, ЖЭО қызметкерлері, энергетикалық жабдықтарды монтаждаушылар мен жөндеушілер – олардың еңбегінің арқасында үйлерімізде жарық пен жылу болады, еліміздің әлеуметтік нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындары тұрақты энергиямен қамтамасыз етілген. Бүгінде сала жаңғыртылып жатыр: цифрлық шешімдер енгізіліп, генерациялайтын қуаттар мен электр желілері жаңартылуда, «жасыл» энергетика дамуда.
Мереке құтты болсын!

