2025 ЖЫЛЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚТАР БОЛАДЫ?

Қазақстанда аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында бірқатар әлеуметтік шаралар жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жүйесі маңызды рөл атқарады. Бұл бағдарлама жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға кешенді қолдау көрсетуді көздейді. Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

АӘК төлемдерінің түрлері:

  1. Шартсыз ақшалай көмек:

Еңбекке қабілетсіз азаматтары бар отбасыларға беріледі. Бұл төлемдер үшін жұмыспен қамту шараларына қатысу міндеттелмейді.

  1. Шартты ақшалай көмек:

Еңбекке қабілетті мүшелері жұмысқа орналасқан немесе жұмыс іздеуге ниет білдірген отбасыларға беріледі.

Әлеуметтік келісімшарт:

АӘК алу кезінде отбасы әлеуметтік келісімшартқа отырады. Келісімшарт шарттарының орындалмауы төлемдердің тоқтатылуына және алты ай бойы АӘК тағайындаудан бас тартуға негіз бола алады.

2024 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір баласына қосымша төлем қарастырылған. Оның мөлшері 1,5 айлық есептік көрсеткішті (5 538 теңге) құрайды.

Бұл шаралар халықтың әл-ауқатын арттыруға және қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмектесуге бағытталған. Әлеуметтік қолдау саясаты алдағы уақытта да жетілдіріледі деп жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды