«AMANAT» партиясы Сауран аудандық мәслихатының депутаты Боханов Сұлтанбай Серікбайұлы аудандық партия филиалының жұмыс жоспарына кестесіне сай, қоғамдық қабылдаулар уақытылы өткізілуде. Жыл басынан бері тоқсанына 4 рет қоғамдық қабылдау өткізіп, 1 рет халық алдында атқарған жұмыстары бойынша есеп берген және облыстық мәслихат депутаттары, мәслихат төрағасымен бірге 3 рет Иассы, Ораңғай, Шаға ауылдық округтерінде көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізген. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдауға келген 31 тұрғын 38 мәселе көтерген. Оның ішінде; ауылдағы тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру;
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
Көшелерді жарықтандыру;
Үй құжаттандыру;
Көшелерге тас төсеу;
Аялдамалар орнатау;
Балалар алаңшасын салу;
Сауран аудандық мәслихатының депутаты Сұлтанбай Серікбайұлы қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша жергілікті органдарға 12 депутаттық сауал жолдаған. Оның ішінде; Ораңғай ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету, Қосқорған елді мекенін газдандыру және Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан елді мекеніне электр желісін орнатуға қаржы көздерін қарастырып, ықпал жасау үшін Мәжіліс депутаттарына депутаттық сауалдар жолдады.
Партиялық жобалар бойынша;
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап ақжаулықты әжелерге сый-сияпат көрсеткен және аудандағы ардагерлердің үйіне барып, тұрмыс-тіршілігімен танысып, сый-құрмет көрсетті.
«Бақытты отбасы» — әлеуметтік аз қамтылған 40-тан аса отбасыға әлеуметтік, материалдық көмек көрсетті.
«Кедергісіз келешек» — әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға қаржылай және материалдық көмек көрсетті. Оның ішінде «Мектепке жол акциясы» аясында 30 оқушыға арналған оқу құралдары мен мектеп формаларын өз есебінен табыстады және мүмкіндігі шексіз жандардың үйлеріне барып, балаларды қуанту мақсатында азық-түлік, тәтті және ойыншықтар табыстады. 1-маусым Балаларды қорғау күніне орай, 150 балаға балмұздақ таратып сый-сияпат жасады.
«Ұлттық мұра» — партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Батагөй қария», «Үздік БПҰ», «Сауран аруы», «Қарттарым аман сау жүрші», «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойындарына және аудандық деңгейде өткізілген іс-шараларда демеушілік көрсетіп, белсене атсалысқан.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5% несие алу бағдарламасына Иассы ауылдық округіне қарасты Еңбекші Дихан ауылындағы АШӨК құрал-жабдықтар алу үшін Ырыс несие ұйымы тарапынан 29 млн теңге бөлініп, 11 азамат несие алып, өз кәсібін бастады. Бүгінде тағы 8 азаматтың өтінімі қаралуда. Осы бағыттағы жұмыстарға Боханов Сұлтанбай Серікбайұлы өз тарапынан қолдау көрсетіп, атсалысуда.
Депутат Сұлтанбай Серікбайұлы тұрғындар көтерген мәселелердің шешілуіне тұрақты түрде ықпал жасап, партиялық жобалардың тиімді іске асуына өз үлесін қосып келеді. Алдағы уақытта да аудан халқының әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік саланы дамыту бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек.

