Кентау қаласы аумағында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шара барысында қазірге дейін учаскелік полиция инспекторларымен 1034 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. 8000-ға жуық жер үй мен көпқабатты үйлерге тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар қару иелерін тексеріп, олардың қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін 3 әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған іс-шара барысында Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, халық арасында өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ пробация бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, пробация есебінде тұратын 44 тұлғамен сұхбаттасу жұмыстары атқарылды. Кентау қаласы жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен қоғамдық көмекшілері бірлесіп, интернет алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.