1 АҚПАННАН БАСТАП ГАЗ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Өңірлердің ірілігіне қарай енді газ бағасы литріне 6 теңгеден 21 теңгеге дейін қымбаттайды. Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Нақтырақ айтар болсақ, Актөбе, Атырау облыстарында сұйытылған газ литрі 59 теңгеден 77 теңгеге өседі. Қызылорда, Түркістан облыстарымен Шымкент қаласында 70 теңгеден 90 теңгеге, ал Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарымен Астана қаласында сұйытылған газ литрі 84 теңгеден 102 теңгеге өседі.

Энергетика Министірлігі бұл шараны қабылдауға сұйытылған мұнай газдың бағасы оны өндіру құнынан әлде қайда төмен екендігімен түсіндіріп отыр.

Мұндай жағдайларда сұйытылған мұнай газ өндірісін ұлғайту мүмкін болмайды, ал тұтыну төмен бағаларға байланысты үлкен қарқынмен өседі.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды