МАҚСАТ – ЖАҢА АЗИЯ БОКС КОНФЕДЕРАЦИЯСЫН ҚҰРУ

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы World Boxing-ке мүше азиялық елдердің алғашқы жұмыс отырысына қатысады. Кездесу бұл күндері Азия чемпионаты өтіп жатқан Тайландтың Чиангмай қаласында ұйымдастырылып отыр.

Бұған дейін World Boxing Азия аймағында боксты дамытумен айналысатын ұйымның құрылғанын хабарлаған болатын. Бұл жиынның басты мақсаты – жаңа Азия бокс конфедерациясын құру.

Жиын барысында World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Тайланд Бокс федерациясы мен Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Пичай Чунхавадзирамен екіжақты кездесу өткізіп, 10-11 желтоқсан аралығында өтетін Азия чемпионатының ақтық сынында жерлестерімізге жанкүйер ретінде қолдау көрсетпек.

Айта кетсек, Сары құрлықтың басты бәсекесінде ерлерден тоғыз боксшымыз ақтық сында өнер көрсетеді. Ал аруларымыздан бес боксшы финалға жолдама алған.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды