ЖАУАПКЕРШІЛІК – ОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БОЛМЫСЫНЫҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ

Сагиндыкова Акмарал Зайдулақызы 1976 жылы 28 тамызда Түркістан облысы, Төлеби ауданына қарасты Қосағаш ауылында дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолын білім беру саласына арнап, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағытында табанды еңбек етіп келеді. Бұл туралы Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы хабарлады.

Бүгінде Акмарал Зайдулақызы «Арай» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып жүр. Ол – жоғары кәсіби деңгейі мен басқарушылық қабілеті үйлескен, тәжірибелі де білікті басшы.

Көпжылдық тәжірибесінде ол мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жетілдіруге, тәрбиелеу мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ата-аналармен тығыз әрі тиімді байланыс орнату – мекеме қызметінің негізгі басым бағыттары.

Кейіпкеріміз үнемі ізденісте жүретін, жаңашыл ойларды батыл жүзеге асыратын маман. Мектепке дейінгі білім беруде заманауи технологиялар мен озық әдістемелерді тиімді қолдана отырып, ұжымы арасында беделге ие, көпшіліктің құрметіне бөленген. Кәсіби еңбегі мен ізденісі үшін бірнеше мәрте марапатталып, алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталған. Балаларға деген шексіз сүйіспеншілігі мен қызметіне деген жауапкершілігі – оның педагогикалық болмысының айқын көрінісі.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды