ЖАС СПОРТШЫЛАР ӨЗ ШЕБЕРЛІКТЕРІН КӨРСЕТТІ

1 маусым – Балаларды қорғау күні және Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай Кентау спорт клубында үстел теннисінен жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. Жарысқа 2008-2009-2010 жылдары туған, 2011-2012-2013 жылдары туған және 2014 жылы туған және одан кіші спортшылар қатысты. Бұл туралы «АMANAT» партиясы Кентау филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Іс-шараға арнайы қатысқан «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров, Кентау қалалық мәслихатының депутаты Нұрсултан Шалаев және Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жалғасбек Жакаев жарысқа қатысушылар мен қонақтарды құттықтап, балалардың спорттағы жетістіктері мен болашағына зор сенім білдірді.

Тартысты өткен бәсекеде жас спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіс жолында барын салды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бұл турнир — балаларды спортқа баулып, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін игі бастамалардың бірі. Сонымен қатар, қала күні аясындағы мерекелік шаралар легіне серпін берді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды