ЖҰМЫС БЕРУШІ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ӨТІНІШІНЕН БАС ТАРТА АЛМАЙДЫ

Қызметкер 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста, енді 1 сәуірден бастап жұмысқа қайта оралғысы келеді. Жұмыс беруші оған бірдей еңбек жағдайлары бар орын беруге міндетті ме, әлде жұмыс беруші бас тартуы мүмкін бе және қызметкер өтініште көрсетілгендей баласы 3 жасқа толған кезде жұмысқа шығады ма? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.

Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.

100-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс

  1. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, жұмыскер жұмыс берушіні өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын хабардар етуге міндетті.

Жұмыс беруші декреттегі қызметкерге,декреттен алдын жұмыс істеген жұмыс орнын беруге міндетті.

Жұмыс беруші қызметкерге оның өтінішінен бас тарта алмайды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды