ЖҰМЫС БЕРУШІ КЕЛІСІМ КОМИССИЯСЫН ҚҰРУҒА МІНДЕТТІ МЕ?

Жұмыс беруші келісім комиссиясын құруға және оларды жыл сайын оқытуға міндетті ме? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.

ҚР еңбек заңнамасы жұмыс берушіні еңбек дауларын қараудың міндетті сатысына айналған келісім комиссиясын ҚҰРУҒА МІНДЕТТЕЙДІ (ҚР ЕК 26-Т., 2-т., 23-б.).

Келісім комиссиясының мүшелері жыл сайын ҚР еңбек заңнамасын қолдануға, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамытуға және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізуге ОҚЫТУДАН ӨТУГЕ МІНДЕТТІ (ҚР ЕК 159-бабы 8-тармағы).

ҚР Еңбек Кодексі

23-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері

  1. Жұмыс беруші:

26) осы Кодексте белгіленген тәртіппен келісу комиссиясын құруға міндетті.

159-бап. Жеке еңбек дауын қарау тәртібі

  1. Келісу комиссиясы жұмыс беруші өкілдері мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
  2. Келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайын оқудан өтуге міндетті.

Кәсіподақ комитеттерінің мүшелері мекемедегі комиссиялар құрамына қосыла ма?

Салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ

5.14. Тараптар жалақылары нормативтік оқу жүктемесімен белгіленетін оқытушылардың, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, басқа қызметкерлердің тарифтік тізімдері мен оқу жүктемесі, білім беру стандарттары мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес сыныптардың (топтардың) белгіленген шегінде толуын ескере отырып құрылады деген шешімге келді.

ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІН БӨЛУ ҮШІН ЖҰМЫС БЕРУШІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТАРИФТІК КОМИССИЯ ҚҰРАДЫ.

11.11. КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТТЕРІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ТАРИФТЕУ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АТТЕСТАТТАУ, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру, жұмыс орындарын аттестаттау, еңбекті қорғау жөніндегі және БАСҚА КОМИССИЯЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНА ҚОСЫЛАДЫ.

ҚР Еңбек Кодексінің 154 бабы 2 және 7 тармақтарына сәйкес, салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады, сондай-ақ Келісімнің шарттарын жалтару, сол сияқты бұзу немесе орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Келісу комиссиясын құрудың негіздері мен мерзімдері қандай?

Келісу комиссиясы ұйымда қызметкердің еңбек дауын қарау туралы өтініші түскенге дейін болуы керек және ол өтініш берген сәтте құрылмауы керек.

Жұмыс беруші тарапы келісу комиссиясының мүшелерінің қатарына жұмыс берушінің актісін (бұйрығын) шығару жолымен тағайындалуы мүмкін.

Қызметкерлер тарапы,егер ұйымда кәсіподақ болса, онда кәсіподақ мүшелерінің арасынан келісу комиссиясының мүшелері сайланады.

Жұмыс беруші Келісу комиссиясының құрамына кіре алмайды.

Келісу комиссиясы Ұжымдық шарттың қолданылу мерзіміне құрылады.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келісу комиссияның жаңа құрамы құрылады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды