Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы атынан бас маман Бахтияр Абдураимов Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған ерекше жиынға қатысып, зейнеткерлік демалысқа шыққан қос ардагер ұстазға жылы лебізін білдіріп, кәсіподақ атынан құрмет көрсетті. Бұл туралы Түркістан облыстық білім кәсіподағының баспасөз қызметі хабарлады.
Вахапова Саида – биология пәнінің білікті маманы. Ол сан жылдар бойы табиғаттың тылсым сырларын шәкірттеріне түсіндірумен қатар, адамгершілік пен еңбекқорлыққа баулыған ұлағатты ұстаз.
Убашова Тинжир – информатика пәнінің тәжірибелі педагогы. Ол жаңа заман технологияларын мектеп өміріне енгізіп, талай шәкіртке заманауи білімнің есігін ашты.
Бұл мерекелік іс-шарада мектептің барлық ұжымы, әріптестері мен ардагер ұстаздардың туған-туыстары да қатысып, шынайы құрмет пен ықыластарын білдірді.
Мектеп директоры Дилбар Дийметова да өз құттықтауында ардагер ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен адами қасиеттеріне жоғары баға беріп, олардың мектеп өміріндегі орыны ерекше екенін атап өтті.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы әрдайым ұстаздар қауымының абыройлы еңбегін бағалап, әлеуметтік және рухани тұрғыда қолдау көрсетіп келеді. Зейнетке шыққан ұстаздарға құрмет көрсету – кәсіподақ қызметінің басты бағыттарының бірі.
Осындай жылы жүзді, шынайы ықыласқа толы сәттер – ұстаз еңбегінің өлшеусіз екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Ұстаздарға мың алғыс!
Еңбектеріңіз еленіп, денсаулықтарыңыз мықты болсын!