ҚЫЗМЕТТIК IССАПАРЛАР ШЫҒЫСТАРЫН ӨТЕУ ТӘРТIБI ҚАНДАЙ?

Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртібі қандай? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірді.

Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы.

2-тарау. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарын өтеу тәртiбi

  1. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:

1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн ЕКІ АЙЛЫҚ есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;

2) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша:

мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарларыүшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің ОН ЕСЕЛЕНГЕН МӨЛШЕРІНЕН, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің ЖЕТІ ЕСЕЛЕНГЕН МӨЛШЕРІНЕН және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің БЕС ЕСЕЛЕНГЕН МӨЛШЕРІНЕН аспауға тиiс;

мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында — тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің ЖЕТІ ЕСЕЛЕНГЕН МӨЛШЕРІНЕН, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштіңАЛТЫ ЕСЕЛЕНГЕН МӨЛШЕРІНЕН, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық есептік көрсеткіштің ТӨРТ ЕСЕЛЕНГЕН МӨЛШЕРІНЕН және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің ЕКІ ЕСЕЛЕНГЕН МӨЛШЕРІНЕН аспауға тиіс;

3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген тұлғаға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде:

2025 ЖЫЛҒА АЕК 3 932 теңге.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды