Бозай бастауыш партия ұйымдарында округ тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдау мақсатында қоғамдық қабылдау өткіздім.
Қабылдауға келген азаматтар Якубов, Махаматханов және Тәңіртай ақсақалдар жеке мәселе, ауыз су және қазіргі таңдағы егіншілікке зиян келтіріп жатқан шегіртке мәселесі бойынша сұрақтарымен жүгінді.
Аталған мәселелерге заң аясында, ауыз су мәселесі күрделі болып тұрғаны, себебі аудан орталығында да орын алып отырғаны яғни қосымша насос орнатуға қаржы қарастырылып жатқанын түсіндірдім.
Зиянкестер жөніндегі мәселеге келсек округі аумағында ауыл шаруашылығы алқаптарына зиян келтіретін үйірлі шегірткелердің таралуының алдын алу мақсатында жүйелі шаралар қолға алынып. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен арнайы мамандандырылған мекемелердің үйлестіруімен биылғы маусымда 110295,86 гектардан астам жерге мониторинг жүргізіліп, қауіпті аймақтар анықталған. Қазіргі таңда 23 техника, 1 ұшақ зиянкестерге қарсы химиялық препараттармен өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтылды.
Сонымен қатар ауылдық округ аумағында бірқатар жұмыстар атқарылғандығы жөнінде сөз қозғалып, ақсақалдар ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Құрметті ауылдық округ тұрғындары маған қойылатын сұрақтарыңыз бен жеке мәселелеріңіз бойынша жеке қоғамдық қабылдауым бастауыш партия ұйымында тоқсанына бір рет, ал аудан орталығында жұмыс күндері сіздердің сұрақтарыңыз бен өтініштеріңізді тыңдауға әзірмін.
Амангелді ЖҮЗЕНОВ,
Келес аудандық мәслихатының депутаты,
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі