Өткен аптада «AMANAT» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауы Темір ауылдық бастауыш партия ұйымында өтті. Ауыл тұрғындарын қабылдауға облыстық мәслихат депутаты Мырзахан Бексұлтанұлы Манапов келді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Отырар аудандық филиалы хабарлады.
Қабылдауға келген азаматтар ауылдағы «Ертөстік» балабақшасына балаларға салынған ойын алаңшасын жаңарту, балабақша ауласын қоршау, сондай-ақ ауладағы нысандарды жөндеу сияқты мәселелерге бюджеттен жәрдем беруді сұрады.
Сонымен қатар, «Алпамыс» балабақшасының ауласы мен ғимарат астындағы жерасты ыза су ауыл тұрғындарының назарын аудартып, алаңдатуда.
Бастауыш партия ұйымы төрағасы Әмзе Алмат пен халық қалаулысы Мырзахан Бексұлтанұлы Отырабат елді-мекенінің ортақ жайылым мәселелерін тыңдады.
Ауыл тұрғыны Дүтбаев Алмас Темір ауылына жастарға арнап, жабық стадион салуды сұрады.
Қабылдауға келген азаматтармен жалпы кездесуді қорытындылаған депутат өзінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы көпшілікке айтып берді. «Ал, келіп түскен өтініштер мен ұсыныстар бойынша жұмыс жасалатын болады» — деді Мырзахан Бексұлтанұлы.

