СОТҚА ЖҮГІНБЕЙ-АҚ ЖӨНДЕУ НЕМЕСЕ АҚШАНЫ ҚАЙТАРУДЫ ҚАЛАЙ ТАЛАП ЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша сервис орталығының әрекетіне шағымданды. Кір жуғыш машинаны жөндеу үшін ақы төлегеннен кейін ақау бірнеше күн ішінде қайта пайда болған, алайда сервис орталығы қосымша ақысыз қайта қабылдаудан бас тартқан.

Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары азаматқа құқықтарын қорғау тәртібін түсіндіріп, оның ішінде кепілдік аясында ақауды жоюды талап етіп, орындаушының атына алдын ала (досудебная) талап жіберу қажеттігін айтты.

Талап жіберілгеннен кейін мәселе өзара келісіммен шешілді: сервис орталығы тегін қайта жөндеу жүргізіп, мәселе сотқа жүгінбей-ақ оң шешімін тапты.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес әрбір азаматтың құқығы бар:

  • көрсетілген қызметтің сапалы орындалуына және кепілдік міндеттемелерінің сақталуына;
  • кепілдік мерзімінде пайда болған ақауларды тегін жоюға;
  • дауды шешудің алғашқы қадамы ретінде алдын ала талап (претензия) беруге.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жазбаша түрде талап жолдау көп жағдайда әділдікті тезірек және сотсыз орнатуға көмектеседі.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды