SHYMKENT HALF MARATHON – ТЕК ЖАРЫС ЕМЕС

Шымкентте көктемнің ең жарқын спорт оқиғаларының бірі – Shymkent Half Marathon 2026 өтті. Жарыс Shym City саябағының аумағында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салты мен белсенді қозғалыс идеясы төңірегінде біріктірді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Марафонға жүздеген әуесқой және кәсіби спортшылар қатысты. Қатысушылар 5, 10 және 21,1 шақырым қашықтықтарда бақ сынады. Көптеген қатысушыға бұл тек жарыс емес, өзін-өзі жеңу мен жеке мақсаттарға жетудің мүмкіндігі болды.

Жанкүйерлердің қолдауы, ерекше атмосфера және жоғары деңгейдегі ұйымдастыру бұл күнді нағыз спорт мерекесіне айналдырды. Shymkent Half Marathon Шымкенттің энергияға, спортқа және дамуға ұмтылған қала екенін кезекті рет дәлелдеді.

 

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды