ШЕТЕЛГЕ ШЫҒУҒА СІЗГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАНЫН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?

Іссапарды, туысқандарға немесе туристік сапарға баруды жоспарлар алдында  билетті сатып алғанға дейін, қонақ үйден орын алғанға дейін нақты факторлардың болуы/болмауы туралы ойланған жөн. Бұны Әділет министрлігінің сайтынан тексеруге болады, онда автоматты режимде аталмыш тізімдер жүргізіледі —  Шетелге шығуға шектеу қойылған борышкерлердің тізілімі  және Атқарушы өндірістер бойынша борышкерлердің тізілімі . Бұл жерде екі тізімді де тексерген жөн, себебі тіпті сіз Атқарушы өндірістер бойынша борышкерлердің тізілімінде ғана болсаңыз да, шетелге шығуға тыйым салынған қасақана төлемейтіндер қатарына ауысу да алыс емес. Борышкерлердің базасы сот органдарынан қаулылардың келіп түсу дәрежесі бойынша тұрақты негізде жаңартылады.

ҚР шегінен тыс шығуға шектеу қойылған борышкерлердің тізілімі, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне берілетін шығуға шектеу туралы электрондық хабарламалар негізінде қалыптасады. Электрондық хабарламаны тиісті қаулы шыққаннан кейін немесе оны судья санкциялағаннан кейін сот орындаушысы жібереді. Қаулының көшірмесі борышкерге жіберіледі. Қаулы ҚР азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты, сонымен қатар заңды тұлғалардың-борышкерлердің басшыларына қатысты шығарылуы мүмкін.

Егер сіз туристік фирмадан жолдама сатып алсаңыз, көрсетілген тізімдерде өзіңіздің бар/жоқтығыңызды міндетті түрде тексеріңіз, себебі егер сізді қарыздың болу себебі бойынша шығармайды, туристік компания шығындарды өтемейді. Сондай-ақ ірі туристік компаниялардан сіз компания қызметкерлерінің телефон немесе онлайн-сұраныстары бойынша әділет департаментінен сіздің мәліметтеріңізді тексеруді сұрай аласыз.

Базаның мерзімді түрде жаңартылатынына қарамастан, егер сізде бұрын төленген қарыздар болса, тізмідерде бар/жоқтығыңызды тексеру керек. Іс жүзінде кез келген жағдайда шетелге сапарды жоспарлауда екі тізілімнен де өз мәліметтеріңізді тексеру артық етпейді.

Тізімдегі ақпарат сот орындаушысы шектеуден алу туралы қаулы шығарылғанға  дейін және ҚР ҰҚК Шекара қызметіне тиісті электронды хабарлама жіберілгенге дейін сақталады.

Шетелден шығуға шектеу қойылған борышкерлердің тізілімінен қалай шығу керек?

Әрине, ең айқын әрі дұрыс нұсқасы — айыппұлдарды, баж алымдарын, алименттерді, коммуналдық қызметтерді немесе қарыздарды төлеу. Сот орындаушысының осындай шараны қабылдауының себебі.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды