ШЕТЕЛГЕ ШЫҒУҒА САЛЫНҒАН ТЫЙЫМНАН ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ҚАУІПТЕНБЕУГЕ БОЛАДЫ?

Егер сіз шетелге сапарға баруға қандай себеппен болса да баруға жиналсаңыз, Шетелге шығу шектелген борышкерлердің тізілімінен және Атқарушы өндірістер бойынша борышкерлердің тізілімінен  тексеру артық болмайды.

 

Ал аталмыш тізімдерде сіз нақты мынадай жағдайларда болмайсыз, егер:

  • сіз қазіргі сәтте сот процесіне қатыспасаңыз және болашақта қатыспайтын болсаңыз;
  • салықтар бойынша қарызыңыз болмаса;
  •  айыппұлдар бойынша қарыздар болмаса;
  •  алименттер бойынша қарыздар жоқ болса және бұрын болмаса.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі

Уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған  ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.

Мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдану және тоқтату туралы атқарушылық құжаттары бойынша борышкерлер жөніндегі мәліметтерді қоспағанда, Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.

 

Көрсетілген мәліметтер:

  • борышкердің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не борышкер ұйымның атауын;
  • атқарушылық құжатты берген органды, берілген күнін және борышкердің орындалмаған міндетінің мазмұнын;
  • көрсетілген мәліметтерді жіберетін сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайын немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайын қамтиды.

Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау осы Заңның  47 бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48 бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Сот орындаушысы осы Заңның  48 бабында  көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер алған кезде үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімнен алып тастау үшін тиісті ақпарат жібереді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды