Кейде осылай болады: тауар сатып алдыңыз, ақау таптыңыз, сатушыға немесе сервиске кепілдік жөндеуге бердіңіз — бірақ үн жоқ. Бір апта, екі апта, тіпті ай өтеді… Тауар да, хабар да жоқ.
Заң не дейді:
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабына сәйкес, жөндеу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Егер бұл мерзім бұзылса, сіздің құқығыңыз бар:
— тауарды ауыстыруды,
— ақшаны қайтаруды,
— немесе басқа да сізге тиімді шешімді талап етуге.
Сатушы тұтынушыны тауардың орналасқан жері мен жөндеу барысы туралы хабардар етуге міндетті.
Не істеу керек:
✔ Тауарды жөндеуге тапсырғаныңызды растайтын құжатты немесе актіні сақтаңыз.
✔ 30 күн өткен соң — сатушыға жазбаша талап (претензия) жіберіңіз.
✔ Егер жауап болмаса — тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына немесе сотқа жүгініңіз.
Есіңізде болсын: “жөндеуге алды” — бұл сіз құқықтарыңыздан айырылдыңыз деген сөз емес. Сіздің уақытыңыз бен жүйкеңіз де құнды!
Осындай жағдай сіздің басыңыздан өтті ме? Қалай шештіңіз? Пікірлерде бөлісіңіз!

