САРАПШЫ МҰҒАЛІМ ҚҰЖАТТАРЫН ПОРТАЛҒА ЖҮКТЕЙ АЛМАСА…

Сарапшы мұғалім мерзімі келіп, сарапшыны қорғау үшін тестілеуден сарапшының балын жинап, тестті сәтті аяқтағанымен, кейбір себептермен өтінішін, құжаттарын порталға жүктей алмаған. Осы мұғалім жағдайында педагог модераторға түсе ме? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына сәйкес аттестаттау рәсімі жүзеге асырылады.

Қағидалардың 46-тармағына педагогтердің білімін бағалау тапсыру барысында талаптарды бұзу дерегі анықталған, сондай-ақ біліктілік санатын беруге (растауға) өтініш уақтылы берілмеген жағдайда аттестаттау комиссияның шешімі бойынша педагогке бір жыл мерзімге қолданыстағы деңгейден бір деңгейге төмен біліктілік санаты беріледі. Біліктілік санатын беруге (растауға) кейінгі аттестаттау осы Қағидаларда анықталған тәртіппен бірізділік қағидатына сәйкес жүргізіледі.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, педагогтің біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі, яғни «педагог-сарапшы» санатынан «педагог-модератор» санатына.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды