ӘРБІР ҮШІНШІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Еліміздің денсаулық сақтау саласының қазіргі жағдайы мен келешек бағыттарын талқылауға арналған «Дәрігер Talks» партиялық диалог алаңының салтанатты іс-шарасы өтті. Іс-шараны «AMANAT» партиясы ұйымдастырып, оған еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам медицина қызметкері – дәрігерлер, медбикелер, ғалымдар, медициналық мекеме басшылары және салалық сарапшылар қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында қатысушылар отандық медицинаның жүйелі мәселелерін ашық талқылап, оны шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, саладағы өзекті мәселелерге ортақ үн қосты.

Жиынның ашылуында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов медицина саласының өкілдерін кәсіби мерекелері  Медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, дәрігерлердің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайық. Бүгінде отандық медицина жарқын нәтиже көрсетуде. Біздің дәрігерлеріміз санаулы мемлекетте ғана қол жетімді ең күрделі трансплантациялық оталар жасайды. «AMANAT» партиясымен бірге алға қойған арман-мақсаттарыңызға жетіп, азаматтарымыздың денсаулығы мен тұрмысын жақсарту жолында қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Бұл – біз үшін аса маңызды», – деді ол.

Мәжіліс Төрағасы медицина қауымдастығының өкілдері «AMANAT»-тың маңызды тірегі екенін атап өтті. Себебі әрбір үшінші медицина қызметкері – партия мүшесі. Осыорайда, «Дәрігер Talks» платформасы отандық медицинаның өзекті мәселелері ашықталқыланатын және оны одан әрі дамыту бойынша маңызды міндеттер әзірленетін бірегей алаңға айналды. Мәселен, өзекті тақырыптардың бірі – ауылдағы медицина қызметкерлерінің тапшылығы. Аталған мәселені шешу мақсатында ауылдық жерге көшіп барған 700-ге жуық медицина қызметкеріне былтырдан бастап 100 ЕТЖ (шамамен 9 млн теңге) көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Бұл норма «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қарастырылған еді.

Астанада өткен ауқымды жиынға Түркістан облысынан да бірқатар партияластар қатысты. Айтулы мереке аясында Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері, «Салауат» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бекзат Берденовке партия Төрағасы Ерлан Қошанов «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін табыстады.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін  Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бекзат Слановты, №3 облыстық перинатальдық орталықтың неантолог- дәрігері Айсара Жолшыбекті, облыстық клинкалық эндокринология ауруханасының   дәрігері Сайыпжамал Серікбаеваны, Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері, «Салауат» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бекзат Берденовті, Түркістан қалалық орталық ауруханасының медбикесі Дариха Ақылбекованы «Алғыс хатпен» марапаттады.

Партия қатарындағы әріптестерімізді иеленген марапаттарымен құттықтаймыз. Бұл  олардың ел игілігі жолындағы еселі еңбектерінің, жоғары жауапкершілік пен адалдық танытқан қызметтерінің айғағы деп білеміз. Алдағы уақытта да медицина саласындағы партия мүшелерінің ел игілігі үшін қызмет етіп, кәсіби биіктерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды