ПРОГРЕСС ТАБИҒАТТЫҢ ЕСЕБІНЕН БОЛМАУЫ КЕРЕК

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні!

Бұл күн – табиғатты қорғаудың маңызын ұғынып, ортақ мақсат жолында бірігетін күн. Табиғатқа жанашырлық – адамзатқа, қоғамға және еліміздің келешегіне жанашырлық білдіру.

Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардың сарқылуы – бұлардың барлығы жаһандық қауіп қана емес, әр мемлекет үшін нақты шешім қабылдауды талап ететін өзекті мәселелер.

Қазақстан үшін де экологиялық тұрақтылық – стратегиялық маңызы бар басым бағыттардың бірі. Табиғат пен адам арасындағы үйлесімді сақтау — болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.

Біз сенеміз:

✅ Тұрақты даму мен экологиялық тепе-теңдік қатар жүзеге асуы тиіс

✅ Прогресс табиғаттың есебінен болмауы керек

✅ Әр азаматтың экологиялық жауапкершілігі – жалпыұлттық мүдденің бір бөлігі.

«Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Түркістан облыстық филиалы

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды