ПЕДАГОГТАРДЫҢ КАНИКУЛ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ҚАЛАЙ БЕКІТІЛЕДІ?

Педагогтардың каникул кезеңіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы қалай бекітіледі? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.

Салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ.

Келісімнің 6.6-тармағымен каникул кезеңдерде ПЕДАГОГТАРДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІ КАНИКУЛ БАСТАЛҒАНҒА ДЕЙІН ОЛАРДЫҢ ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІНЕН АСПАЙТЫН УАҚЫТ ІШІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТАДЫ. Каникул кезіндегі жұмыс кестесі, бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша басшының бұйрығымен бекітіледі.

Кезекті еңбек демалысымен сәйкес келмейтін каникул уақытында педагогтар үшін олардың келісімімен бір ай ішінде жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленуі мүмкін.

ҚР Еңбек Кодексінің 154 бабы 2 және 7 тармақтарына сәйкес, салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады, сондай-ақ Келісімнің шарттарын жалтару, сол сияқты бұзу немесе орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды